⚜МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ
Мектебімізде 2024-2025 оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиынға 1-11 сынып оқушылары қатысты.
🇰🇿Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалды.
Мерекелік жиынға Ақжар ауданының әкімі Елубаев Рустем Мқұқашұлы қатысып,балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Мектеп директоры А.Г.Ашенова ұстаздарға,оқушыларға,ата-аналарға мерекелік ізгі лебізін білдірді.Бүлдіршіндердің шағын концерттік бағдарламасы тамашаланды.Шара соңында салтанатты түрде жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.
Тарыдай болып кірген бүлдіршіндерімізге ақ жол,еліміздің іргесін қалайтын білімді,адал,ел қамын ойлайтын ұрпақ болып өссін!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!💐💐💐